«Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша тендер өткізетіні туралы хабарлайды. Сатып алынатын тауарлардың толық тiзбесi, олардың саны, егжей-тегжейлі ерекшеліктері, сатып алуға бөлінген сома және жеткізілудің талап етiлетiн мерзiмi конкурстық құжаттамада көрсетiлген. Тауар Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдарына жеткізілуі тиіс. Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар, алдын алу (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, және медициналық техника, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Ережесінің 8-9 тармақтарында көрсетілген бiлiктiлiк талаптарға сай келетiн ықтимал жеткізушілер ғана жiберiледi. Тендерлік құжаттар көшірмелерінің пакетiн 2012 жылдың 5 наурызы сағат 11.00-ге дейiнгі мерзімде мына мекенжайдан: Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 а, № 3 кабинет немесе: dzsko_zakup@mail.kz электронды поштасы арқылы жергiлiктi уақытпен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн алуға болады. Тендерлік өтiнiмдердi тапсырудың соңғы мерзiмi 2012 жылдың 6 наурызы жергiлiктi уақытпен 11 сағат 00 минутке дейiн. Тендерлік өтiнiмдер бар конверттер 2012 жылдың 6 наурызы жергiлiктi уақытпен 11 сағат 00 минутке келесі мекенжай бойынша ашылады: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 а, Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы, № 18 кабинет мекенжайы бойынша ашылады. Ықтимал жеткізушілер конверттердің ашылуына тендерлік тапсырыстарымен қатыса алады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (715-2) 46-92-83 телефоны арқылы алуға болады. |